Летний лагерь отдыха " Тарбағатай"

АтауыЛетний лагерь отдыха " Тарбағатай"
Юридический адресЛагерь "Тарбағатай" при КГУ "Науалинский детский дом" УО ВКО село Алексеевка
ДиректорДомбаланов Турсунгазы, рабочий телефон 8(72230)28-1-18
Год ввода(берілмеген)
Проектная мощность100
Расстояние до лагеря от ближайшего районного центра13

Мекеменің атауы:ШҚО білім басқармасының «Науалы балалар үйі» КММ

Лагердің атауы: ШҚО білім басқармасының «Науалы балалар үйі» КММ-не қарастыоқшау орналасқан«Тарбағатай саяжайы» сауықтыру, еңбекке баулу лагері

Лагер түрі: тәулік бойы,жаз айларында (маусым, шілде, тамыз) жұмыс істейді

Лагер профилі: комплексті

Лагер моделі: демалушылардың жас мөлшеріаралас

Кадр құрамы: педагогтар, денешынықтыру нұсқаушысы, медбике

«Тарбағатай саяжайы» лагерінде қызмет көрсететін педагогтардың барлық саны- 5 педагог

Медбике саны: 1 адам

Әр ауысымдағыкүндер саны:22

Ауысым саны : 4

Бала жасы: 7-18 жас

Тәрбиеленушілер саны: 54 бала демалады, әр ауысымда 40 бала, 3 топ 10 баладан (9,11 сынып оқушылары кезекпен демалады)

«Тарбағатай саяжайы» лагерінің адресі: ШҚО,Үржар ауданы,Қазымбет ауылы маңында орналасқан

Телефон: 8(722-30) 28-2-05

Қаражат бөліну көзі: ШҚО білім басқармасы

Жазғы демалыс мерзімі- 01.06.-27.08.2018 ж.


Жаз айларында балалардың бос уақытын ұйымдастырудың

БАҒДАРЛАМАСЫ

Жаз айлары – балалар үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндедегідей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс –балалардың жалпы физиологиялық,сана–сезімдік,дүниетанымдықтұрғыдадаму,жетілукезеңі.
Бастауыш және орта буын сыныптарының балалары үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңитін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі.
Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзін қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтантәрбиешілерге баланың бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор. Бос уақыт дене және ақыл-ой қызметін тынықтыратын, қарым - қуатты жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалуы жөн.

Жазғы демалысты ұйымдастырудағы тәрбиелік бағыттар бағдарламасы:

-спорттықжәнесауықтырумәдениетінтолыққанды еркін демалу арқылы қалыптастыру;

-өлкетану, патриоттық,шығармашылық, ой-өрісті дамытумәдениетінқалыптастыру;

-бос уақытты тиімдіеңбекпен ұштастыруға, өзін-өзі жеке өмірге дайындау мәдениетін қалыптастыру;

Бағдарлама мақсаты:

- балалар мен жасөспірімдердің демалысын тиімді пайдалануына және сауықтырылуы менүшін қажетті жағдайлар жасау;

-жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтының,дағдыларынқалыптастыруға жағдай жасау;

-балалардың денсаулығын нығайтуына, шығармашылық еңбегіне, өздерінің қабілеттерін іске асыруы үшін қажетті -жағдайлардықаматамасыз ету.

Бағдарлама міндеттері:

-олардың тиімді демалысын және бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру;

-азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру;

-ғылыми, техникалық, көркемдік шығармашылықта, спортта, туризм мен өлкетануда, басқада таным әрекеттерінде білімін дамыту.

Негізгі принциптері:

-балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін, құқығын сақтау;

-жеке қызығушылықтарын сақтап, жеке тұлға ретінде баланы дамыту;

-жеке басының қиыншылықтарын шешуге және өзге балалармен тіл табыса білуге үйрету;

-өзін-өзі басқару ұйымы мен педагогикалық басқару тәсілдерінің сәйкестігі;

-ұжымның өзіндік жұмыс жасау мүмкіндіктерінің құқығы болуы.

Осыған орай, балалардың жазғы демалысын ұтымды пайдалану мақсатында, олармен түрлі шаралар өткізуде тәрбиешілер:
- балалардың жас ерекшелігін;
- психологиялық ерекшелігін;
- денсаулығын;
- ұлттық ерекшелігін;
- аймақтық ерекшелігін;
- діл (менталитетті) ерекшелігін;
- жыныстық ерекшелігін;
- қабілет - мүмкіндігін, т.с.с. ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеруі қажет.
- ұлттық және мәдени, тұрмыстық салт-дәстүр, және т.б. ұғымдарды меңгеруге қалыптастыру – тәрбиеші - ұстаздың басты міндеті.

Бағдарламаны жүзеге асыру түрлері:

-жоспардың нақтылығы;
Лагердің топ жұмыстары дегеніміз, бұл:
- ауысымда жүретін жалпы лагерлік жұмыстардың бағыттылығы, сипаты, ауысымдарының өзгешелігі;
- лагердің дәстүрлігі;
- лагердің профилдері (жас тілшілер, туристер, спортшылар т.б.);
- ұйымдастырушылардың жеке қызығушылықтары;
- тәрбие үрдісінің материалдық жағынан қамтамасыз етілуі;
- лагердің барлық бөлімшелерінің өзара іс-әрекеті.

Күтетін нәтиже:

- өз денсаулығы мен өзінің өсіп-жетілуіне мән беру;
- ойын әрекеті барысында ойлау әрекетінің де тиімді әдістерін меңгеру;
- достық, жолдастық, сыйластық, өзара көмек т.б. сияқты адами қасиеттерді ұғыну;
- туған жердің табиғатының және экологиялық маңызына мән беру;
- азаматтық - елжандылық сананы қалыптастыру;

Бағдарламаны орындаудағы шарттар:

1.Нормативтік құжаттар:

1.1.Жаз айларында балалардың бос уақытын ұйымдастырудың бағдарламасы.

1.2.«Тарбағатай саяжайы» лагерінің ішкі тәртіп ережесі.

1.3.«Тарбағатай саяжайы» лагерінің күн тәртібі.

1.4.ТҚ нұсқамасы.

1.5.«Тарбағатай саяжайы» лагері қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулары.

1.6.«Тарбағатай саяжайы» лагері қызметкерлерінің әр ауысымға жеке тізімі және медициналық рұхсат беру мерзімі.

1.7.Тәрбиеленушілер тізімі.

1.8.ҚР ІІМТЖК ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің тексеру нәтижесі туралы актісі.

1.9.ҚР ҰЭМ ТҚҚ комитетінің ШҚО ТҚҚД Ұржар аудандық ТҚҚ басқармасының санитарлық-эпидемиологиялық қортындысы.

2.«Тарбағатай саяжайы» лагерінде өтетін тәрбиелік, спорттық және сауықтыру және кружоктар іс-шараларының әр IV кезеңге арналған

жоспары

3.Сауықтыру профилактикасының жоспары.

Материалдық-техникалық база құрылымы:

футбол, волейбол және баскетбол алаңы;

ойын столдары;

ашық би алаңы;

жатахана саны-3;

медициналық бөлімше;

асхана;

қойма;

сауна-душ;

су құбырларының мұнарасы;

шаруашылық құралдар;

көркем-әдебиеттер, журнал, газеттер;

аудио и видеотека, фонограмма, телевизор;

іс қағаздар канцеляриясы;

музыкалық апаратура, видеокамера, фотоаппарат;

Балалар үйінің штатынан берілетін кадр:

  • Тәрбиеші-5 педагог
  • Медбике-1
  • Жұмысшы (жатахана бөлмесін жуушы)-1 адам
  • Шофер-1 адам
  • Электрик-1 адам

Әдістемелік шарт:

Жазғы лагеріндегі тәрбиешілер жұмысты ұйымдастырудың төмендегіше ретін ескеруге міндетті:

-жазғы демалыс лагерінің бағдарламасы, іс-шаралардың әр ауысымға жоспары;

-күнделікті жоспарды құру;
- топтың күнделігін жүргізу;
- ұйқыдан тұрғанға дейінгі 15-20 минуттық тәрбиешілер лездемесіне қатысу;

-ұйымшыл ұжымға топтастыра білу;

-спорттық, сауықтыру, тәрбиелік іс-шаралар жүргізу;

-бұйрық кітапшасы;

І. Дайындық кезеңі - 2018 жылдың мамыры:

-кадр дайындау;

-педагогтармен теориялық және практикалық жұмыс жүргізу;

-әдістемелік материалдар дайындау;

-материалдық-техникалық базаны дайындау;

ІІ. Ұйымдастырушылық кезең-28.05.-31.05.2018 ж

-лагерге орналасу;

-топ бұрыштарын дайындау;

-күн тәртібімен және лагер ережесімен танысу;

ІІІ. Негізгі кезең:01.06.-20.08.2018 ж.

-тәрбиешілермен әдістемелік жұмыстар;

-іс-шаралар, тренинтер т.б.

-демалу;

IV. Қортындылау кезеңі: 21.08.-27.08.2018 ж.

-қортынды жасау;

-есеп беру жұмысы;

-лагер фотокүнделігін шығару;

-демалыс кезеңінің жабылуы;

БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзін қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтанжаз айларында негізгі тәрбие бағытпен қоса баланың өз қалауы бойынша еркін демалу, ойын жеткізу, қызығушылығын арттыру жаз демалысының басты басымдылығы.

Жазғы демалыс лагерінің ритуалы:

-әр ауысым тақырыбы;

-лагер ережесі;

-топ аттары, ұрандары;

- топтардың аттары мен ұрандары, ұрандық сөйлесімдері балалардың жас ерекшеліктеріне сай іріктеліп алынады;
-топтардың аттары: кіші буын-«Сәулетай», орта буын- «Айналайын», жоғарғы буын-«Балбұлақ».

-лагер гимні;

-топ бұрышы;

-таңертеңгісап түзеу;
-кешкі алау;

БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ:

Бағдарламаны жүзеге асырушылар: демалыс лагерінің басшысы, тәрбиешілер,медбикелер.

Лагерь басшысымен жұмыс: әдістемелік көмек;

-іс-шара сценариін дайындауға, балалармен тіл табысуына көмек беру;

-тәрбие жаңашылдығын қолдау;

-әдістемелік көмек;

Тәрбиешілермен жұмыс:

-бағдарламаны жүзеге толық асыру үшін тәрбиешілермен жұмыс, әдістемелік көмек;

-тәрбиеші қызығушылығын ескеру;

-жүргізілген шараны сараптау;

Жазғы демалысты ұйымдастырудағы тәрбиелік бағыттар бағдарламасы:

-спорттық және сауықтыру мәдениетін толыққанды еркін демалу арқылы қалыптастыру;

-өлкетану, патриоттық, құқықтық,шығармашылық, ой-өрісті дамыту мәдениетін қалыптастыру;

-бос уақытты тиімдіеңбекпен ұштастыруға, өзін-өзі басқару мәдениетін қалыптастыру;

Бағдарламаны жүзеге асыру түрлері:

-күнделікті таңертеңгі денешынықтыру жаттығулары;

-ТҚ сақтау;

-эстафеталық, дене қозғалысының шараларын өткізу;

-суға шайыну прцедурасы;

-күн сәулесі және таза ауада демалу ваннасы;

-күнделікті медициналық тексеру;-дұрыс тамақтануды ұйымдастыру;

-асханада кезекшілік ұйымдастыру;

-емдік шөптерді жинай білу;

-лагер ауласын көгалдандыру жұмыстары;

-экскурсия;

-әңгіме, кездесулер өткізу;

- спорттық, сауықтыру, ұлттық, танымдық және жергілікті ойындар;
- алғырлық, зерделік, тілдік шоу - сайыстары;
- ер балалар мен қыз балалар арасындағы әдеп, салт-дәстүрге байланысты сын - байқаулар;
- ұлттық дәстүрлер мерекесі;

-құқықтық, зорлық-зомбылыққа жол бермеу жайлы тренинг, әңгіме өткізу;
- өнер байқаулары;
- әдеби викториналар;
- сурет көрмесі, плакаттар байқауы;
- пікірталас, пікір-сайыстар, интерактивті тапсырмалар;
- көңілді тапқырлар клубы (КВН);
- сөздік сайыстар, саяхаттар;
- поэзия кештері;
- ән-күй кештері;

- кешкі алау

- концерттік кештер;

- би кештері, т.б.

Кружок жұмыстарын ұйымдастыру.

Жазғы демалыста кружок жұмыстары күнделікті іс-шаралар ретінде жоспарлы жүру баланы шығармашлыққа жетелейді. Сондықтан, «Шебер қолдар», «Жасыл ел», «Өнер», «Өзін-өзі тану» «Интеллектум», «Шаттық» клубтары мен үйірмелері жұмыс атқарады.

Мақсат: таным және шығармашылық мәдениетті дамыту.

Міндет:балалар шығармашылығын дамытуға жағдай жасау арқылы танымдықты дамыту.

Іске асыру түрлері:

-қолөнерконкурсы;

-ойындар;

-аппликация т.б.

Бағдарламадан күтілетін нәтиже болжамы:

  • Жалпыбаладенсаулығының нығайуы;
  • Бос уақытты тиімді пайдалана отырып, танымның дамуы;
  • Рухани баю,табиғатты тану, өзін тану, басқару,ұлтжандылық, құқықтықмәдениетті қалыптастыруды;
  • Салауатты өмір салты, өзара қарым-қатынасдағдыларын қалыптастыру;
  • Қауіпсіздік жағдайды қалыптастыруға, қорғануғаүйренуді қалыптастыру;

«Тарбағатай саяжайы» атты жазғы демалыс лагерінде өтетін тәрбиелік, спорттық іс-шараларының

І –ІІ- ІІІ-ІVкезең тақырыбы, ұраны

28.05.-27.08. 2018 жыл аралығында.

І ауысым тақырыбы: «Біз Қазақстан балаларымыз!»

Ұраны: "Біз қандаймыз?"«Біз жігерліміз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!»

Мақсат: Жазғы демалысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты балалардың қызығушылықтары бойынша рухани адамгершілік,шығармашылық жағынан шараларды жүзеге асыру, оларды интелектуалды дамыту және денсаулығын нығайту болып табылады.

Міндет: балаларды достыққа, сыйлай білуге, өзін-өзі басқара білуге баулу.

ІІ ауысым тақырыбы: «Жасыл әлем»

Ұраны: «Жаса жайна, Тарбағатай!»

Бағыты: Экологиялық және эстетикалық тәрбиеге баулу

Танымдық мәдениетті дамыту.

Мақсат: Жазғы демалысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты балалардың қызығушылықтары бойынша рухани адамгершілік,шығармашылық жағынан шараларды жүзеге асыру, оларды интелектуалды дамыту және денсаулығын нығайту болып табылады.

Міндет:балаларды қоршаған ортаны туған өлкемен танысу арқылы қорғауға баулу.

ІІІ ауысым тақырыбы: «Денсаулық-болашақ кепілі!»

Ұраны: «Біз жігерлі, денісау болашақпыз!»

Бағыты: -азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру;

-ғылыми, техникалық, көркемдік шығармашылықта, спортта, туризм мен өлкетануда, басқада таным әрекеттерінде білімін дамыту.

Мақсат:Жазғы демалысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты балалардың қызығушылықтары бойынша рухани адамгершілік,шығармашылық жағынан шараларды жүзеге асыру, оларды интелектуалды дамыту және денсаулығын нығайту болып табылады.

Міндет:балаларды қоршаған ортаны туған өлкемен танысу арқылы қорғауға баулу.

ІV ауысым тақырыбы: «Мен жазды сүйемін»

Ұраны: «Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз,күлеміз.
Бірге балық аулаймыз
Міне,біздер қандаймыз!»

Лагер ережесі:

Демалыс лагерінің ережесі:

-күн тәртібін орындау;

-тәрбиеші талабын орындау;

-ТҚ сақтау;

-мүлікті сақтау;

-бас киімнің әрқашан болу шарт;

-«сыпайылық хан тағына апарады»;

-жеке бас гигиенасын сақтау;

Демалыс лагерінің заңы:

-«Ноль-ноль» заңы; (тура уақытында)

«территория» заңы;

«Жасыл ел» заңы;

«тек қол көтеру» заңы; (сөз беруіңізді өтінемін)

«бәріміз бірге» заңы;

«сыпайылық» заңы;

«салауатты өмір салты» заңы;

«сөз ерікті» заңы;

Кіші буын: Біздің топ: «СӘУЛЕТАЙ»

Біздің Ұран-«Біз Сәулетай, жалындаймыз, жарқыраймыз!»

«СӘУЛЕТАЙ» тобының шумақты -әні:

Сәулетай тобы алға,

Биіктерге самға,

Достығымыз барда,

Жүреміз тек алда.

Орта буын: Біздің топ: «АЙНАЛАЙЫН»

Біздің Ұран-«Біз Айналайын, тек алға ұмтыламыз !»

«АЙНАЛАЙЫН» тобының шумақты-әні:

«Айналайын» біздің тобымыз,

Ұсақ болма, ірі бол.

Өз ортаңның гүлі бол,

Азаматтың бірі бол,

Кім болсаң да әйтеуір

Тұрған елдің ұлы бол!

Жоғарғы буын: Біздің топ: «БАЛБҰЛАҚ»

Біздің Ұран-«Біз Балбұлақ жастарымыз,жігерліміз, жұлдызбыз!»


«БАЛБҰЛАҚ» тобының шумақты-Ұраны:

«Балбұлақ» жастары өнерлі,

«Балбұлақ» достары жаңа нұр,

Жүгіріп, секіріп, әндетіп,

«Балбұлақ» жұлдызы болайық.

Бекітемін

«Науалы балалар үйі» КММ

Директоры

Т. Домбаланов.

«20».05.2018 ж.



Attachments


Заезды

28-05-2018 - 22-06-2018 | «Тарбағатай саяжайы» атты жазғы демалыс лагерінде өтетін тәрбиелік, спорттық іс-шараларының І- кезеңге арналған жоспары 28.05.-22.06.2018 жыл аралығы.

1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Саяжайға келіп орналасу. Балаларды топтарға бөліп, топ атауларымен, міндеттерімен, техникалық қауіпсіздікпен таныстыру. 3.Демалыс тақырыбы, ұранымен танысу. 1. Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. 1 маусым –Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған және жазғы демалыстың басталуына байланысты дайындық жұмыстары. 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Біз-Қазақстан балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» атты 1 маусым –халықаралық балаларды қорғау және жазғы демалыстың басталуымен орайластырылған мереке. Мерекелік концерт, құттықтауға келген қонақтармен балалардың сұбхаты, мерекелік дастархан. 3. «Қазақстан балалары спортты таңдайды»-спорттық ойындар. 4.«Астанаға сыйлық»-асфальтта сурет салу. Би кеші, кешкі алау. 1. Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. «Қызықты жоба» атты әр топтың жазғы демалысты қалай өткізу жоспарларын, қабырға газеттерін дайындауы. 3.Төтенше жағдайларға дайындық: қызметкерлердің арасында лекция «Өрт, электор тогы қауіпсіздігі», «Суға түсу қауіпсіздігінде көрсетілетін алғашқы көмек түрлері». 1. Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. «Денсаулық және өмірлік дағдылар дегеніміз не?» «Белсенді тыңдау-өзара қарым-қатынас пен байланыс дағдысы» 1. Тәңертеңгілік денешынықтыру. «Қазақстан Республикасының рәміздері» атты ҚР рәміздер күніне арналған тәрбие сағатына дайындық. 2. Спорттық ойын: «Толағай» атты эстафеталық жарыс. 1. Таяқпен жүгіру 2. Жылдамдыққа есеп шығару. 3. Доппен жүгіру. . Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. «Қазақстан Республикасының рәміздері» атты ҚР рәміздер күніне арналған тәрбие сағаты. . Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. Кіші футбол ойынын ұйымдастыру. Қимыл-қозғалыс ойындары: Допты бастан асырып беру. Допты аяқтың астынан беру. Мәреге кім бұрын? Арқан тарту. Картобыңды егіп кел де, жинап ал. Қортынды. Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. Тазалық күні. Жатахана бөлмелеріне тазалық жүргізу. 3. Тәрбиелік іс-шараларға дайындық. «Кел билейік». Би үйрену кеші. 1. Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. Саяжай ауласын ретке келтіру. 3. Спорттық ойындар: «Жұлдызды эстафета»-Шегірткелер, Бақташылар, Допты бер, Өткел. Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. Сауықтыру процедуралары. 3. «Кикілжіңді шешу дағдылары». Сезімді, эмоцияны басқару дағдылары. Күйзелісті басқару дағдылары. Бос уақыт-әңгіме кітап оқу, шашки ойындары; теледидар тамашалау. 1. Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» ұлттық ақпараттық науқанмен танысу. Зорлық-зомбылық түрлері. «Асфальтта бейнелеу өнері» Тақырыптар: «Бақытты балалық шақ» Өрт, электір тогы, суға түсу кезіндегі техникалық қауіпсіздік шаралары жайлы түсінік беруді қайталап өту. 1. Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. «Золушка конкурсы»- ертегіден ермексазбен кейіпкерлерді бейнелеу. 3. Балалар әндері мен билерінен конкурсқа дайындық. 1. Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. Серуенге шығудағы жол сызбасымен балаларды таныстыру. 3. Серуенге шығыу. Тарбағатай өлкесінің емдік шөптерімен танысу. 4. «Менің Тарбағатайым» атты тақырыпта табиғат аясында сурет салу сайысы. 1. Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. «Мен және менің тәрбиешім» эстафеталық жарыстар; кіші волейбол ойынын ұйымдастыру. «Алфавиттік әріптер диалогы» Ойын. 1. Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. Тазалық күні. Саяжай ауласын, бөлмелерді тазалау. 3. «Лагердегі шуақты күндер»-көңілділер және тапқырлар клубы. 4. Логикалық ой-өріті дамыту ойындары.(«интеллектум» үйірмесі бойынша) Би кеші. 1. Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. Өрт, электір тогы, суға түсу кезіндегі техникалық қауіпсіздік шаралары жайлы түсінік беруді қайталап өту. 3. Рюкзак жинау. Серуенге шығу. Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. Сауықтыру процедуралары. 3. «Қазына» ойыны. 4. Күлкілі жұмбақ, ән, би бекеті. 5. Теледидар тамашалау, шашки ойындары. Тәңертеңгілік денешынықтыру. 1. Таңертеңгілік өзен суына шайыну, денені құрғату. 2. Серуенге шығу. Жағажайдағы демалыс. «Су патшасы қонақта». 3. Медбике кеңесі: «А.Е, бауыр қабынуы қоздырғыштарынан сақтану шаралары» 1. Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. Призентация.«Бақша кеңістігіндегі шоу». 3. «Бақша қарақшысы» Табиғи материалдардан бақша қарақшысын безендіру. 1. Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. Серуенге шығу. «Көңілді аспазшы» Табиғат аясында картоп пісіру, балық аулау. 3. Теледидар тамашалау. 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. Саяжай ауласын реттеу. Жазғы демалыстағы І- кезеңнің жабылуына байланысты іс- шараларға дайындық. «Саяжай ханшайымы мен ханзадасы» сайысына дайындық. 1. Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. Кезеңнің жабылу салтанатына дайындық 1. Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2.І кезеңнің салтанатты жабылуы. 3.«Саяжай ханшайымы мен ханзадасы» сайысын өткізу. І кезең тапқырларын марапаттау. 4. Мерекелік дастархан. 5. Би кеші. Кешкі алау.

Стоимость:
Отправить заявку


23-06-2018 - 14-07-2018 | «Тарбағатай саяжайы» атты жазғы демалыс лагерінде өтетін тәрбиелік, спорттық іс-шараларының ІІ-ауысымға арналған жоспары 23.06.-14.07.2018 жыл аралығында

1. Тәңертеңгілік денешынықтыру. І кезеңнің жабылуына байланысты ауысым. Ғимараттарға санитарлық тазалық жүргізу. 1. Демалыстың жаңа кезеңінің басталу салтанаты. 2. Жаңа кезеңнің тақырыбы, бағытымен танысу. 3. Ұраны, шумақты-әндері. 4. «Жайдарлы жаз» қауіпсіздік ережелері. Суда, электр тогы, табиғат апаты, асханадағы, экскурцияға шыққандағы ТҚ 1. Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. Серуенге шығу, жидек теру. Табиғат аясындағы спорттық ойындар. 3. Тәрбиелік іс-шараларға дайындық. 4. Теледидардан кешкі жаңалықтар мен бейнефильмдерді тамашалау. 1. Тәңертеңгілік денешынықтыру 2. Серуенге шығу «Сиқырлы дәрумендер құпиясы» 3. Табиғат аясында сурет салу «Әсем қала -Астана» 4. Логиканы дамыту ойындары. 1. Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. Медбике кеңесі:»Жылан шаққанда көрсетілетін алғашқы көмек» 3. Гербари жасау «Табиғат сыйы» 4. Астананың 20-жылдығына дайындық. «Ән үйрену» кеші. 1. Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. Спорттық ойындар «Волейбол» 3. «Би үйрену» кеші 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. «Дене тазалығы» денсаулық уақыты . 3. Қағаздан, матадан, пластиктен жасалған ерекше гүлдер сайысы. 1. Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. «Жүзден жүйрік» эстафеталық жарыстар, кіші волейбол ойынын ұйымдастыру. 3. «Алфавиттік әріптер диалогы» Ойын. 4. Ән –би кеші. 1. Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. Сауықтыру процедуралары. 3. 3.Өзгеше түстер мен түрлі-түсті костюмдер мейрамы. 4. Логикалық ойындар.Интеллектум үйірмесінің ойындары «Скипити, мангало» 5. Бос уақытта кітап оқу, оқыған кітаптар жайлы сыр жазу. 1. Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. Серуенге шығу. Тарбағатай өлкесінің емдік шөптерімен танысу, жинау. 3. Таза ауада картоп пісіру, балық аулау. 4. «Ән үйренейік» кеші-Астанананң 20-жылдығына дайындық. 1. Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. «Қазына» ойыны. 3. «Әсем қала –Астана». Шығарма жазу. 4.Күлкілі жұмбақ, ән, би бекеті.Теледидар тамашалау, шашки ойындары. 4. . «Астана -Еуразия жүрегі» қолөнер көрмесіне дайындық. 5. «Ән айту» кеші 1. Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. Серуенге шығу. Медбике кеңесі «Қалақайда қандай сыр бар?» 3. «Менің Астанам» атты қабырға газетін шығару, мереке күніне арналған мазмұндама, тақпақ жолдарын тарту ету. 4. Бос уақыт-әңгіме кітап оқу, теледидар тамашалау, шашки ойындары 1. Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. Мерекеге арналған іс-шаралар: «Менің Астанам»»- ермексазбен, қағаздан Астананың туған күнін бейнелеу. 3.Шашкиден балалар арасындағы сайыс. 4. «Астана -Еуразия жүрегі» қолөнер көрмесі. 1. Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. Тазалық күні. 3. Астанананың 20 жылдық туған күніне арналған «Астана-елімнің жүрегі» мерекелік концерт. 4. Мерекеге арналған іс-шаралардың қортындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау. 5. Ән –би кеші. 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. «Бояулар әлемі» ойын-сауық бағдарламасы 3. «Менің айналамдағы әлем» асфальттағы сурет сайысы. 1.«Су патшалығы» Нептун күні. 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. «Жасыл дәріхана» жәндіктердің шағуы кезінде көрсетілетін алғашқы көмек. 3.Экологиялық десант. 5.«Біз -табиғат қамқоршысымыз» плакаттар сайысы 1. Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. Аудандық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат. 3. Серуенге шығу. 4. «Менің сүікті жерім-Тарбағатай» плакаттар сайысы. 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. «Мен әлемді танимын» психологиялық ойын. «Күлкі сыйла!» акциясы. «Сен үшін» досыңа арналған сурет. «Менің көңіл-күйім» балалардан сауалнама алу. 1. Тәңертеңгілік денешынықтыру. «Тісті қалай күту керек?» денсаулық уақыты. 2.Таза ауадағы қозғалыс ойындары. 3. Бос уақытта теледидар тамашалау, кітап оқу. 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. «Дене тазалығы» денсаулық уақыты . 3. Қағаздан, матадан, пластиктен жасалған ерекше гүлдер сайысы. 1. Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. Демалыс орнына санитарлық тазалық жүргізу. 3. ІІ кезеңнің жабылуына дайындық жұмыстарын жүргізу. 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2.«Шаттық аруы» сайысы және мерекелік концерт. 3. ІІ кезең белсенділерін марапаттау. 4. Ән –би кеші, кешкі алау.

Стоимость:
Отправить заявку


15-07-2018 - 05-08-2018 | «Тарбағатай саяжайы» атты жазғы демалыс лагерінде өтетін тәрбиелік, спорттық іс-шараларының ІІІ- ауысымға арналған жоспары 15.07.-05.08.2018 жыл аралығында

1.Демалыстың жаңа кезеңінің басталу салтанаты. ІІ-Кезеңнің жабылуына байланысты ауысым. 2.Жаңа ІІІ кезеңнің тақырыбы, бағытымен танысу. 3. Ұраны, шумақты-әндері. 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру 2.Сауықтыру процедуралары. 3. ТҚ туралы тәрбие сағаты «Қанадай қатерлі сәттерді білесің?» Өрт сөндіру бөліміне саяхат. 4.Тәрбиелік іс-шараларға дайындық. 5.«Кел билейік». Би үйрену кеші. 1. Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2.Серуенге шығу, жидек теру. 3.Табиғат аясындағы спорттық ойындар. 4.Тәрбиелік іс-шараларға дайындық. 5.Теледидардан кешкі жаңалықтар мен бейнефильмдерді тамашалау. 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2.Серуенге шығу «Сиқырлы дәрумендер құпиясы» 3.Табиғат аясында сурет салу. 4. Ән үйрену сағаты. 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. Серуенге шығу. Табиғат аясында тамақ істеп ішу,балық аулау. Медбике кеңесі «Тарбағатайдың емдік шөптері» 3.Бос уақыт-әңгіме кітап оқу, теледидар тамашалау, шашки ойындары. 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. Мерекеге арналған іс-шаралар: 3.Шашкиден балалар арасындағы сайыс. 4.«Әнші балапан» конкурсына дайындық. 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2.Тазалық күні. 3. «Әнші балапан» атты ән конкурсы. Мерекеге арналған іс-шаралардың қортындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау. 4.Ән –би кеші. 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2.«Жүзден жүйрік» эстафеталық жарыстар, кіші волейбол ойынын ұйымдастыру. 3.«Кестемен жұмыс» 4. Ән –би кеші. 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. Сауықтыру процедуралары. 3.«Даңқ сәті». «Менің қолымнан келеді» сайысы. 4.«Сөйлейтін қабырға» газетін дайындау. 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2.Серуенге шығу. Тарбағатай өлкесінің емдік шөптерімен танысу, жинау. 3.Таза ауада картоп пісіру, балық аулау. 4.Кешкі бос уақыт, демалу, би кеші. 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2.«Қазына» ойыны. 3.Күлкілі жұмбақ, ән, би бекеті.Теледидар тамашалау, шашки ойындары. 4.«Ән үйренейік» кеші 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2.Таңертеңгілік өзен суына шайыну, денені құрғату. 3.Серуенге шығу. Тарбағатай баурайында демалу, сурет салу, емдік шөптермен танысу, жинай білу. 4. «Күй үйренейік» кеші. 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. «Табиғат сыйы». Гербари жасау 3.Спроттық эстафета ойындары. 1. Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. Спорттық ойындар «Волейбол» 3. Ән үйрену. Патриоттық, дәстүрлі балалар әні. Сайысқа дайындық. 4. «БИ» кеші 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2.Саяжай ауласын реттеу. 3. «Шаттық аруы» сайысына дайындық 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2.«Шаттық аруы» сайысы. 3. Ән –би кеші. 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. «Жасыл дәріхана» жәндіктердің шағуы кезінде көрсетілетін алғашқы көмек. 3.Экологиялық десант. 4.Өзгеше түстер мен түрлі-түсті костюмдер мейрамы. 5.«Біз -табиғат қамқоршысымыз» плакаттар сайысы 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2.Аудандық балалар саябағына саяхат. 3.«Менің сүікті жерім-Тарбағатай» плакаттар сайысы. 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. «Мен әлемді танимын» психологиялық ойын. 3. «Күлкі сыйла!» акциясы. 4. «Сен үшін» досыңа арналған сурет. 5.«Менің көңіл-күйім» балалардан сауалнама алу. 1. Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. «Мен және менің тәрбиешім» спорт эстафета сайысы 3. Караоке «Жұлдыздар шеруі -1» 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2.Табиғат бұрышындағы тіршілік«картоп пісіру» . Серуенге шығу. ІІІ Кезеңнің жабылуына дайындық. «ЖАЗ ханымы мен ханзадасы» сайысы. 3.Мерекелік концерт 4. Лагерь чемпиондары. Жазғы ІІІ демалыс кезеңінің қорытындысын шығару. 5. «Патшалар» түскі асы. 6. Кешкі алау.

Стоимость:
Отправить заявку


05-08-2018 - 27-08-2018 | «Тарбағатай саяжайы» атты жазғы демалыс лагерінде өтетін тәрбиелік, спорттық іс-шараларының ІV- ауысымға арналған жоспары 05.08.-27.08.2018 жыл аралығында.

1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. ІІІ кезеңнің жабылуына байланысты ауысым. 2. «Денсаулығым - байлығым» атты спорттық марафон. 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. «От – тілсіз жау» атты ойын бағдарламасы. 3. Өрт сөндіру бөліміне саяхат. 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. 3. Құқықтық бағыттағы алдын алу шаралары: «Менің құқықтарым және міндеттерім» атты ойын сабақтары, викториналар, «Құқық уақыты» рөлдік ойыны. 1. Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. Тарбғатай тауының тарихи орындарымен танысу. 3.Табиғат бұрышындағы тіршілік. Серуенге шығу. «Картоп пісіру» 4.Сөзжұмбақ, ребус, логикалық жаттығуларды шешу. 1. Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. «Ән шырқайық бәріміз». Көңілді әндер сайысы. 3. ІІ кезеңнің жабылуына дайындық 3. Еңбекшілер дисанты 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2.Аудандық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат. 3. «Менің сүйікті ауылым-Науалы» плакаттар сайысы. 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2.«Достығымыз жарассын» фото-сессиясы. 3. Саябаққа саяхат: «Көңілді күн». Үржар аудандық жастар орталығы және «Шапағат» коррекциялық орталықтан келген қонақтармен кеш өткізу. 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. 3. «Мен жазғы демалысты қалай өткіздім?» атты тақырыпта шығарма, өлең жолдары, қабырға газетін дайындау. Жазғы демалыс қортындысы. 1. Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2.Табиғат бұрышындағы тіршілік«картоп пісіру» . Серуенге шығу. 3.Судағы эстафета. 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2.Үржар аудандық «Қуыршақ» театрына қонаққа бару. 3.ІІІ Кезеңнің жабылу дайындығы. 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. Туған өлкем-тұнған тарих» Алакөл көлі жайлы сыр шертеміз. 1. Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. «Мен және менің тәрбиешім» спорт эстафета сайысы. 3.«Келер жазды қалай өткізсем?» Сауалнама. Шығарма. 4. Караоке «Жұлдыздар шеруі -1» 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. «Дене тазалығы» денсаулық уақыты . 3. Қағаздан, матадан, пластиктен жасалған ерекше гүлдер сайысы. 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2.Табиғат бұрышындағы тіршілік«картоп пісіру, балық аулау, суға шомылу,серуенге шығу» ІІІ Кезеңнің жабылу дайындығы. Лагерь линейкасы. 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру 2. «Сұрақтар мен жауаптар» күні. 3.Тест. 4. Логикалық ойындар. 5. Қмиылды ойындар 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру 2. Достық деген не? 3. Хат жазу. 4. Қимылды ойындар. 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру 2. «Мен және менің денсаулығым» акциясы 3. Спорттық ойындар «Құмырсқа илеуі» 4. Кешкі демалыс 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. «Дәрумендер еліне саяхат» Тарбағатай тауының емдік шөптері жайлы қортындылау сағаты. 3. «Мен жазды сүйемін» Шығармашылық сағаттар қортындысы. 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. «Кім алда!» «Сәулетай», «Айналайын» тобтары жүргізген іс-шаралар рейтингісі. Үйірмелер жұмысын қортындылау. 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2.Тарбағатай саяжайының ауласын ретке келтіру, тазалау. 3.«ЖАЗ ханымы мен ханзадасы» сайысына дайындық. 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2.«ЖАЗ ханымы мен ханзадасы» сайысы. 3.Мерекелік концерт 4. Лагерь чемпиондары. Жазғы демалыс қорытындысын шығару 5. «Патшалар» түскі асы. 6. Кешкі алау. 1.Тәңертеңгілік денешынықтыру. 2. ІV Кезеңнің жабылуы. Салтанатты сап түзеу. 3. Үйге қайту.

Стоимость:
Отправить заявку


Сайт иелері оқырмандар пікірінің мазмұнына жауапты емес. Пікірлердің мазмұны үшін жауапкершілік пікір білдірушілер алады.

Пікір қосу

Нәтиже табылған жок.
(!) Старайтесь писать грамотно и по существу. В обсуждении записей запрещены ненормативная лексика и оскорбления в чей-либо адрес (мат с точками вместо части букв - это тоже мат), высказывания, нарушающие нормы законодательства РК, обсуждение действий модераторов и администрации сайта, а также высказывания, не относящиеся к теме обсуждения, содержащие прямую или косвенную рекламу. Запрещены комментарии, набранные ЗАГЛАВНЫМИ буквами. В поле "Ваше имя" запрещается использовать повторно имена, ранее использованные кем-то при обсуждении данной записи. Подобные комментарии будут удаляться. После добавления комментария Ваш IP адрес и время активности на этой странице будут записаны в БД. Оставляя комментарий, вы соглашаетесь с тем, что можете быть привлечены к ответственности в соответствии с законодательством РК. Спасибо за понимание.